Жаңартылған Kia Cerato: кез келген қырынан тартымды

Dalanews 21 қыр. 2021 05:31 250

Қазақстанның автокөлік нарығында жаңартылған Kia Cerato пайда болады. Рестайлинг С-санатты сәтті седанды бұрынғыдан да тартымды дизайнмен қамтамасыз етіп, жетілдіре жарақтандырды. Сонымен қатар жаңа өнім өз санатының  арасында нарықтағы ең жақсы баға мен жабдық арақатынасын ұсынады.

Рестайлингпен қатар KIA Cerato-ның үшінші буыны жаңа фирмалық логотип алды, шанақтың алдыңғы және артқы бөліктерінің дизайны заманауи әрі сәнді, сондай-ақ неғұрлым бағалы жарақтандырылған. 8 дюймдік дисплейі бар, Apple Carplay және Android Auto қолдайтын мультимедиа жүйесі қазірдің өзінде негізгі жабдықталымға кіреді. 

Жаңартылған Cerato алдыңғы қатарлы қауіпсіздік технологияларын ұсынады.



Drive Wise жүргізуші көмекшілерінің кешеніне қарама-қарсы соқтығысудың алдын алу және қозғалыс жолынан шығып кету, сондай-ақ жасырын аймақтарды бақылау жүйелері кіреді.

1.6 (128 а. к., 155 Нм) қозғалтқышының қасына сұраныстағы 2.0 литрлік (150 а.к., 192 Нм) мотор қайта қосылды. Бірінші  агрегат 6 сатылы механикалық немесе автоматты беріліс қораптарымен, екіншісі тек «автоматпен» үйлестірілген.  



Kia Cerato-ның негізгі жабдықталымына артқы көрініс камерасы, кондиционер, радио және 6 динамигі бар аудиожүйе, AUX және USB, Bluetooth, жарық берілгісі, мультифункционалды руль, электр жетегі бар алдыңғы және артқы әйнек көтергіштер, алдыңғы орындықтарды жылыту, электр жетегі мен жылытқышы бар бүйірлік айналар кіреді. Cerato-ның баға диапазоны – 7,99-11,19 млн теңге аралығы, 2.0 қозғалтқышы бар түрі 9,19 млн теңгеден басталады.  



Жаңартылған Cerato туралы толық ақпарат, жабдықталымы, бағалары және Kia-ның Қазақстандағы ресми дилерлерімен байланыс ақпараты  www.kia.com.kz сайтында

ҚР Kia ақпараттық желісі: 555 (қоңырау шалу тегін).

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x