Жамбылдағы жарылыс: Қаза тапқандар саны 17-ге жетті

Dalanews 11 қыр. 2021 13:11 185

Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккен тағы бір өрт сөндіруші көз жұмды. 

"Бүгін Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккен 1993 жылы туған өрт сөндіруші мерт болды. Ол бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының ауруханасына жеткізіліп, сол жерде ем алып жатқан болатын", - делінген хабарламада.

Осылайша жарылыстан қаза тапқандар саны 17-ге жетті. Сондай-ақ, жоғалған тағы бір адам іздестіріліп жатыр.

Еске салайық, 26 тамыз күні кешке Тараз маңындағы инженерлік оқ-дәрілер сақталатын әскери бөлімнің қоймасынан өрт шықты. Өрт салдарынан онға жуық жарылыс болды. Нәтижесінде 100-ге жуық зардап шегуші ауруханаларға жатқызылды, оның 49-ы төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері. Соңғы мәліметтер бойынша қаза тапқандар саны 15 адамға жетті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын. Кейін Президент қаза тапқандарды марапаттаған. Сондай-ақ қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті.

Дереккөз: stan.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x