Арал аудандық сотының төрайымы мұра дауының басты «қаhарманына» айналды

Dalanews 04 қыр. 2021 12:37 317

Қызылорда облысы Арал аудандық сотының төрайымы марқұм болған ірі кәсіпкердің (екінші күйеуі болған) туыстарынан  қомақты мұра талап етуді. Бұл жайында адвокат Ерлан Макенов kaztag.kz ақпараттық порталына баяндап берді.

– Шағымданушы азаматша бірінші некеден 2013 жылы дүниеге қыз баланы әкеледі. Жұбайым өңірдегі ірі кәсіпкерлердің бірі болған. 2015 жылы оның жұбайына қарсы қылмыстық іс қозғалды. Күйеуінің үстінен қылмыстық іс қозғалған кезде ол қалалық сотта қызмет еткен еді. Күйеуі істі болғаннан кейін қызметіне кесірі тию мүмкін екенін ескеріп, қағаз жүзінде бірінші күйеуінен ажырасады. Бірақ олар 2017 жылға дейін бір шаңырақтың астында өмір сүреді. Ал 2017 жылы әлгі ірі кәсіпкер көк тиынсыз қалғаннан кейін әйелі басқа бір ірі кәсіпкермен көңіл қосады. Бірінші күйеуінен туған қызына өгей әкесінің тегін береді. Арада бірнеше ай өткеннен кейін қыздың өгей әкесі қайтыс болғаннан кейін, әйел қызын ірі кәсіпкердің заңды мұрагері деп есептеп, заң орындарына шағымдана бастайды, – деп қорғаушы журналистерге жағдайды баяндап берген.

Сонымен қатар Е.Макенов судья әйел қызының мұрасын 1 млрд теңгеге бағалағанын алға тартты.

– Судья әйел баласын асыраушысынан айырылған жалғыз басты ана ретінде мемлекеттен жәрдемақы алып келген. Бүгінде әйел марқұм болған екінші күйеуінің туыстарынан 1 млрд теңге немесе мемлекет пен жекеменшік әріптестік ретінде салған балабақшаны беруді талап етуде. Қазіргі таңда әйел Арал аудандық сотының төрайымы ретінде 1 млн теңге айлық және ай сайын мемлекеттен қызына 53 мың теңге жәрдемақы алып келеді. Енді ол өзіне жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысанды атына жазып беруді талап етіп отыр, – дейді адвокат Ерлан Макенов.

Қорғаушы судья әйел екінші күйеуінің әкелік құқық аяқ асты етіп отырғанын айтты.  Бұл дауға қандай нүкте қойылатыны әзірше белгісіз.

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x