Токио 2020: Бокстан Қазақстан құрамасының үздігі алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды

Dalanews 28 шіл. 2021 06:08 208





Бокстан Токио Олимпиадасында Қазақстан командасының үздігі Бекзад Нұрдәулетов жеңіліп қалды, деп хабарлайды Dalanews.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

81 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Бекзад Нұрдәулетов ресейлік пен кездескен болатын.

Тартысты кездесуде төрешілер 4:1 есебімен жеңісті ресейлік боксшы Имам Хатаевқа берді.

Осылайша, 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов Токио Олимпиадасындағы бірінші жекпе-жегінде жеңіліс тапты.

Боксшы Серік Теміржанов та Токиодағы Олимпиада ойындарын аяқтады.  57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Серік 1/8 финалда америкалық Дюк Реганмен кездескен болатын. Жекпе-жекте Теміржанов 0:5 есебімен қарсыласқа жол беріп, Токио Олимпиадасын жүлдесіз аяқтады.

"Қолымнан келгенше тырыстым, әлім жетпеді. Бар күшімді салдым. Не істей аламын, соның бәрін жасадым. Жанкүйерлердің үмітін ақтай алмағаным үшін кешірім сұраймын. Барымды салдым, бұйырмады", - деді Серік Теміржанов.

Айта кетейік, бұған дейін Абылайхан Жүсіпов (69 келі) пен Василий Левит (91 келі) Токио Олимпиадасымен қоштасқан еді. Қазақстан боксшылары сапынан төртінші спортшы Олимпиаданы аяқтады.








Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x