"Достар Мед" және "Сұңқар" медорталығының мамандары қылмыс үстінде ұсталды

Dalanews 12 шіл. 2021 07:58 257

Алматыда үш медициналық мекеменің қызметкерлері ПТР-тест нәтижелері мен вакциналау төлқұжаттарын қолдан жасағаны әшкереленді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Қалалық криминалдық полиция басқармасының хабарлауынша, екі жағдайда "Достар Мед" және "Сұңқар" жеке медициналық орталықтардың қызметкерлері жалған құжаттар жасағаны үшін ұсталды, сонымен қатар медициналық қызметкерлердің вакциналау төлқұжатын сатқаны және вакциналарды №4 емханада заңсыз жойғаны анықталды.

Бірінші жағдайда, клиникадағы зертхана қызметкері, орталықтың екі медбикесінің көмегімен ақшалай сыйақыға ПТР-тест бойынша биоматериал алмай-ақ теріс нәтиже белгілеуді ұйымдастырды.

Біраз уақыттан кейін "Сұңқар" медициналық орталығының бұрын алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған эндоскопист-дәрігері ұсталды.


Жеке тінту кезінде ПЦР-тест анықтама қағазы, сондай-ақ ақша процессуалдық тәртіпте тәркіленіп алынды.

Сонымен қатар No4 қалалық емхананың аға мейірбикесі ұсталды, ол 15 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы үшін вакцина алғаны туралы журналға өтірік тіркеумен айналысқанын мойындады. Бұл фактілер ҚР Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тергеу жалғасуда.

https://youtu.be/Wpr1dwZ3i_o

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x