Ұлытаудағы алапат өрт. Бір адам мерт болып, жүздеген бас мал қырылып қалды

Dalanews 05 шіл. 2021 02:57 217

Қарағанды облысында жайлаудағы өрттің салдарынан жүздеген мал басы қырылып, ер адам мерт болды деп хабарлайды Dalanews.kz Stan.kz-ке сілтеп.

Оқиға орнынан видео және фото Etozhez парақшасында жарияланды. Ұлытау ауданының Байқоңыр ауылының өзінде ғана 300 мал қырылған.

"Зардап шеккен ауылдардың қатарында: Керегетас, Ойшыбар, Қалыбай, Демеубай, Сарысай, Қызылсай, Ермек және басқалар бар. Ауыл тұрғындары олардың проблемаларына назар аударуды, мәселені шешудің ықтимал жолдарын ашық талқылауды сұрайды", - деп жазылды парақшада.

Қарағанды облысының ТЖД жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Белгілі болғандай, 4 шілдеде Қарағанды облысының аумағында 12 табиғи өрт ошағы бақылауға алынды, оның ішінде Ұлытау ауданының аумағында екі дала өрті және алдын ала жалпы ауданы 263 гектар болатын 10 жайлау өртенген.



“Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Байқоңыр ауылы маңын”, 1 шілдеден бастап өрт шалды. Ауыл тұрғындары 2-3 техникамен (өрт сөндіру машинасы емес, ауылдағы жүк көліктері), 10-15 адам болып сөндіруге тырысқанымен даланың желімен өрт күшейіп бет қаратар емес. Мына күннің ыстығында дала өртін арнайы техникасыз сөндіру қиынның қиыны болып тұр. Байқоңыр ауылы маңындағы қыстақтарға өрт барып, Демеубай қыстағында қорадағы малдар жанып, ауыл адамдары тас үйдің үстіне шығып жандарын аман алып қалыпты.

Ауыл тұрғындары 9101 нөміріне хабарласып мән жайды айтып, көмек сұраған. Өкінішке орай 2 арнайы өрт көндіру техникасы ғана жүр. Ол жақта су алатын орындар жоқ. Былайша айтқанда дала өртіне 2 техника жұғын да болмайды. Қазіргі таңда жауын-шашын жоқ, шөп жоқ уақытта бар шөптің жанып кеткені ауыл тұрғындарының жанына батып тұр", – деп жазды парақшада.

Жексенбі күні кешке Ұлытау ауданының екі ауылдық округінің аумағын бақылау, аралау кезінде жергілікті тұрғындар Қоскөл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерде өртенген УАЗ автокөлігін тапты, оның жанында 1998 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Көз жұмған жас жігі ерікті өрт құрамаларының қатарында болған жоқ және дала өртін сөндіруге тартылмаған. Оның өлімінің себебін Ұлытау ауданының ПБ қызметкерлері анықтайды.



Ал Жангелдин ауылдық округінің "Әбдібеков" ШҚ аумағынан 200 бас ұсақ мал және 10 бас ІҚМ табылды.

Табиғи өртті жоюға барлығы 298 адам және 77 бірлік техника, оның ішінде өртке қарсы ерікті құрылымдар жұмылдырылды.



Жергілікті атқарушы орган Жангелдин, Ақтасты және Амангелді ауылдық округтерінің аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады.

[video width="640" height="800" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2021/07/214465809_2054164918056421_3457098559336814005_n.mp4"][/video]

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x