Қарағандыда төтенше жағдайда халыққа қол ұшын созатын мобильді топ құрылды

Dalanews 25 мам. 2021 11:29 296

Қарағанды облысында халыққа ТЖ кезінде көмектесетін еріктілерден құралған 25 мобильді топ құрылды деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Қызыл жарты ай қоғамы" қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментімен бірлестікте 130 еріктілерді оқытып, оларды 25 мобильді топқа бөлді.

Бұл бастама Орталық Азияның Еуразия Қоры "Шеврон" компаниясымен серіктестікте жүзеге асырып отырған "Qolda 2.0" шұғыл көмек бағдарламасы аясында ұйымдастырылады.

"Инфо-Щит" жобасының негізгі мақсаттары - Қарағанды ​​облысында волонтерлікті дамыту, азаматтық қоғамның төтенше жағдайларда тиімді әрекет ету қабілетін арттыру және қоғамдық және еріктілер ұйымдарының күш-жігерін үйлестіруді жақсарту болып табылады. Еріктілерден құралған мобильді топтар қамтитын аймақтар - Қарағанды қ, Осакаров, Бұқар Жырау және Шет аудандары.

"Бұл жобаның мәні мынада: біз таңдаған аймақтар төтенше жағдайларға өте сезімтал. Бұл елді мекендерде су тасқыны жиі болып тұрады. Алдымен еріктілер арнайы оқудан өтті, кейін олар ауыл тұрғындары үшін онлайн-тренингтер өткізді.


Тренингтер барысында әр елді мекен үшін қауіп-қатер картасы әзірленді. Сол карталардың көмегімен тұрғындар өз елді мекендерінде төтенше жағдай қаупін анықтай алады және алдын-алуға тиісті әрекет жасай алады." - "Қызыл жарты ай қоғамы" ҮЕҰ Қарағанды ​​облыстық филиалының жетекшісі Татьяна Абрамова.

2020 жылдың қарашасы мен 2021 жылдың сәуір айы аралығында мобильді топтар бірқатар рейдтер мен акцияларды өткізді, сонымен қатар төтенше жағдайлар кезінде не істеу керектігі туралы егжей-тегжейлі нұсқаулықтан тұратын отбасыларға арналған 116 дана жоспар құрды. Жоба Қарағанды ​​қаласы, Осакаров, Бұқар жырау және Шет аудандарында тұратын 50 000 адамды қамтыды. Сондай-ақ, Қарағанды ​​облысының тұрғындарына COVID-19 туралы 70 000 дана ақпараттық парақшалар таратылды. "Инфо-Щит" жобасы барысында ауыл-аймақ тұрғындарының төтенше жағдайлармен COVID-19-дың денсаулыққа тигізетін негативті әсерін азайтуға қажетті дағдыларды қалыптастыруға және стресстік жағдайда жедел әрекет ету қабілеті сияқты жеке қасиеттерді дамытуға ерекше назар аударылды.



"Инфо-Щит" жобасының соңында "Мемлекет пен Қазақстан Республикасының Қызыл жарты ай қоғамы апат кезінде әрекет етутиімділігін арттыру. Төтенше жағдайға дайындық кезіндегі еріктілердің рөлі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында жобаның қатысушылары мен еріктілері марапатталды.

"Qolda" шұғыл көмек бағдарламасы Орталық Азияның Еуразия Қоры "Шеврон" компаниясымен серіктестікте жүзеге асып отыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x