Бүгін Түркіменстаннан елге 256 қандасымыз көшіп келеді

Dalanews 13 мам. 2021 06:19 304

Бүгін Түркіменстаннан 256 қандасымыз «Түрікмендемиреллары» мемлекеттік агенттігі арқылы «Түрікменбашы-Болашақ-Жаңаөзен» бағыты бойынша Қазақстанға көшіп келеді. Бұл түркімен жерінен атажұртқа ат басын бұрған көштің екінші керуені.

Қандастырымызды  қарсы алу жұмыстарын ұйымдастыруға ҚР Сыртқы істер, Ақпарат және қоғамдық даму, Денсаулық сақтау министрліктері, ҰҚК Шекара қызметі, Маңғыстау облысы әкімдігі, «Қазақстан темір жолы» АҚ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен «Отандастар қоры» КЕАҚ атсалысты.

Тарихи Отанына көшуге ниет білдірген қандастардың визалық құжаттары толық дайын және олардың COVID-19 індетіне қатысты тиісті ПТР тестілеудің анықтамалары бар.

Алдағы уақытта қандастар өздерінің қалауы бойынша еліміздің кез келген өңіріне қоныстана алады.

Елге келген қандастар солтүстік өңірлерге қоныс аударған жағдайда олар арнайы өңірлік квоталармен қамтылатын болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x