Семейдегі өкпешіл топ «дөңгелек үстелде» журналистердің үнін неге өшірді?

Dalanews 15 сәу. 2021 05:06 213

Күні кеше ғана Семейде қаланы дамытудың мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Бір қызығы аталған шарада жергілікті депутаттар, облыстық басқарма басшылары мен ведмоства өкілдері, тіпті Жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері де болған жоқ, – деп хабарлайды 16news.kz сайты.

«Дөңгелек үстелге» ZOOM платформасы арқылы қатысқан журналистер көкейдегі сұрақтарын қоюға ұмтылған сәтте шараны ұйымдастырушылар микрафонды өшіріп, журналистер қауымның «ауызын жауап» тастапты.

Сеймей қаласындағы саяси ұпай жинауды көксекген кәсіпкерлер мен белсенділер өзара жиналып, бәрі бір ауыздан жергілікті билік орындарын сынға алып, халық алдында өздерінің танымалдығын арттыруға күш салған.

Егер шараны ұйымдастырушылар шынымен де Семей қаласының тағдырына жандары ашыса, басқосуға жергілікті билік орындарының өкілдерін шақырып, ортақ мәселені бірлесіп талқылауы керек еді. Өкінішке орай, шарадан конструктивті диалог құруды жақтаушылар болмаған. Бұл ащы да болса шындық.

Бір сөзбен айтсақ Семейде алаулатып, жалаулатып өткен «дөңгелек үстелге» өздерінің жұмысын дұрыс жүргізе аламаған, мемлекеттің сатып алуларда «жолы болмаған» біраз адам қатысып, өкпелерін айтып, шер тарқатты десек болады. Осылайша олар жергілікті билік орындарының жұмысын іске алғысыз қылып, барынша қаралауға тырысып бақұан.

Басқаосуда о бастағы регламенті бойынша әрбір баяндамашыдан кейін жиынға қатысушылардың сұрақ қоюына қақысы бар еді. Бірақ қаланың дамуынан бұрын өздерінің бас пайдасын күйттеген топ жиын барысында бір-біріне мүлде сұрақ қойған жоқ.


Айтпақшы, «Семей таңы» газетінің журналисті Риза Молдашева ZOOM арқылы «Қаланың дамуына қатысты маңызды басқосуға ең құрмағанда мәслихат депутаттарын шақырмадыңыздар?» деп сұрақ қойғанда оның микрафонын дереу өшіріп, сұрағын жауапсыз қалдырды. Бұдан кейін журналистердің сауал қоюға тіпті мүмкіндігі болмады. Тек «дөңгелек үстелді» бақылаушы ретінде қатысты.

Айта кетуіміз керек басқосуды ұйымдастырушылар Семей қаласындағы өзекті мәселелерді талқылап қана қоймай, сонымен қатар оларды оң бағытта шешу жолдарын да ұсынатындарын о баста айтқан еді. Өкінішке орай, шараны сырттай бақылаған журналистер өкпешіл топтың өзекті мәселелерге қатысты көкейге қонатындай әңгіме айтпағанын байқады. «Дөңгелек үстелге» қатысушылар бір ауыздан келсіп алғандай... жергілікті билік орындарын армансыз сынап, қара бояуды қалыңдата жағауға күш салды.

Айталық, Семейдегі қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын полигонның қазіргі директоры қалада Еуропалық қайта құру және даму банкы ұсынған полигонға ұқсамайтын басқа полигон салу керек деп ұсыныс айтқан болды. Бірақ жиналған қауым «жаңа полигон қандай болуы керек» деп сұрақ қойып, бұл мәселені талқылаған жоқ. Осы тұста өз мүддесін көксеген адамдарға ешқандай жоба ұнамайтынын анық аңғарғандай болдық.

Бұдан кейін ДСУ-14 мекемесінің жетекшісі Александр Федосов Семей қаласын былай қойып, облыстағы мемлекеттік сатып алулардың бәрі бір көзден ұйымдастырылатынын айтып, сын айтты. Сондай-ақ ол Семей қаласындағы құрылыс нысандарын «Фирма АЗИЯ» құрылыс компаниясы салып жатқанына наразы екенін де жеткізді.

Федосов мырзаның ДСУ-14 мекемесінің өткен жылы тексеру жүргізілгенде көптеген заңбұзушылықтар анықталған-ды. Енді заңды белден басқан мекеменің басшысы қоғам алдындағы айыбын сезінбей, өзіне бәсекелес компанияны қаралап, жұрт алдында бедел жинауға көшкенін көргенде таңқалдық. Федосов мырза сөз қылған «Фирма АЗИЯ» құрылыс компаниясы Семей қаласында Қарағайлы ауданында сапалы көпқабатты тұрғын үйлер салып, қала тұрғындарының алғысына ие болған болатын.

Ал «Медтехника» серіктестігінің директоры, кәсіпкер Бахтияр Сапиев мырза да ойын айтты. Ол Семей қаласындағы ядролық медицина орталығына қажетті техникалық құрал-жабдықтар сатып алынбағынан, бұл үшін облыс бір тиында бөлгеніне қынжылысын білдірді.

Иә, бүгінде Семей қаласындағы ядролық медицина орталықтың мәселесі күрделі күйінде қалып отырғаны рас. Осы мәселені шешу үшін үкіметтік комиссия құрылып, іс соттың барлық этаптарынан өтіп, ең соңында орталық құрылысы қойылған талаптарға сай салынбағынан, қызметкерлердің өміріне қауіпті екенін алға тартып, орталықтың құрылысына демонтаж жасау керектігін жайында шешім шығарған болатын. Оны Б.Сапиевтың білмеуі мүмкін емес.


Талапқа сай салынбағын орталыққа облыс қалайша қымбат медициналық техникалар сатып алатыны түсініксіз. Сапиев мырза сол жағын неге ашып айтпағаны түсініксіз күйінде қалды.

Осылайша Семей төрінде ұйымдастырылған «дөңгелек үстел» жергілікті билік орындарына тісін қайрап жүрген біраз кәсіпкер мен белсенділердің армансыз шер тарқатуына айналып кетті. Иә, Семей қаласында түйіні тарқамаған мәселелер бар. Өкінішке орай, «дөңгелек үстелден» сол мәселелерді шешуге қатысты көкейге қонымды бірде-бір әңгіме айтылған жоқ.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x