Back
| DalaNews

Талдықорған қаласына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Жасыбаев Ержан Бәкірбайұлы Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Ержан Бәкірбайұлы Жасыбаев 1965 жылы туған. Өскемен жол-құрылыс институтын құрылысшы инженер мамандығы бойынша бітірген.

“Еңбек жолын Жамбыл облысында ҚазССР Автокөлік жолдары министрлігі Жол басқармасының ДЭУ-64 жол шебері болып бастаған. Әр жылдарда ҚазССР Автомобиль жолдары министрлігі Жол басқармасының ДЭУ-64 бас инженері, Жуалы ӨЖУ бастығы, “Жамбылавтожол” КМ-нің, “Казақавтожол” РМКК Жамбыл филиалының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары Алматы мемлекеттік мекемесінің бас инженері, Алматы облысының автокөлік жолдары департаменті бастығының орынбасары,

| DalaNews

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль инфрақұрылымын дамыту комитетінің Алматы облыстық басқармасы директорының орынбасары, директоры, Автомобиль жолдары комитетінің Алматы облыстық басқармасының директоры, “ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры болды, делінген әкімдік хабарламасында.