Көлгінов LRT құрылысына қатысты сауалға жауап берді

Dalanews 10 ақп. 2021 08:01 210

Астана LRT жобасын аяқтау үшін қаражат көзін іздеу жұмыстары қайта жаңғыртылды, деді халық алдында есеп берген астана әкімі Алтай Көлгінов, деп хабарлайды Dalanews.kz.

- LRT мәселесіне бәрі алаңдайды. Пандемия кезінде оны жалғастыру мәселесі тоқтатыла тұрды, өйткені Қазақстандық және халықаралық банктерден қарыз сұрау керек болды. Қазір бұл жұмыстар жалғастырыла бастады, банктер қаражат тартуы тиіс. Ия, құрылыс тоқтаған кезден бері қалған нысандар қаланың көркін бұзып тұр. Оған қаруар ақша жұмсалғаны да рас. Сол себепті жұмыс жалғастырылады, банктермен инвестиция тарту бағытында жұмыстар жүргізілуде, деді Көлгінов.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен айтқандай, қазір Қытай мен Араб Әмірліктерінің инвесторларымен келіссөздер жүріп жатыр.

Атышулы LRT жобасының құрылысы 2011 жылы басталған. 2020 жылы аяқталуы тиіс еді, бірақ қаржыландыру жағы жетіспей қалды.


2019 жылдың күзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев LRT ісі бойынша тергеуді күшейтіп, астана әкімдігінің бұрынғы басшыларын тексеруді тапсырған. Мемлекет басшысы LRT жобасын күмәнді және экономикалық жағынан түсініксіз деп бағалаған.

2020 жылдың 20 қазанында Astana LRT құрылысы кезінде ақша жымқыру ісі бойынша сот басталды. Айыпталушылар тізімінде жеті адам бар.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x