Cоңғы жаңалықтар
Back
| DalaNews

Қазақстанда инфекциялық бақылауды күшейтуге арналған ұлттық жоба басталды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» (бұдан әрі ҚДСҰО) мен Колумбия Университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау мектебіндегі ICAP орталығының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі (бұдан әрі ICAP) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Жоба «Шеврон» компаниясының бастамасы бойынша және қаржылық қолдауымен жүзеге асырылады.

«Меморандумға қол қою – COVID-19 эпидемиясына қарсы іс-қимыл бойынша Денсаулық сақтау министрлігіне кеңес мен практикалық көмек көрсетуге және Қазақстандағы медициналық ұйымдарда инфекциялардың алдын алу мен инфекциялық бақылау жүйесін жақсартуға бағытталған жобаны іске асырудағы маңызды қадам» – дейді компания өкілі Лейла Айтмұханова.

«Бірақ бұл біздің бірлескен алғашқы жобамыз емес. Өткен жылы біз тәжірибе алмасу үшін Қытайдан дәрігерлердің келуіне қолдау көрсеттік, медицина қызметкерлеріне тренингтер ұйымдастырдық, сондай-ақ COVID-19 ауруын емдеу үшін қажетті дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарын сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырдық».

Қол қойылған Меморандум шеңберінде Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы негізінде құрылған медициналық көмекке байланысты инфекциялардың алдын-алу және инфекциялық бақылау жөніндегі үйлестіру орталығының әлеуетін күшейту бойынша шаралар мен қосымша қаржыландыру көзделіп отыр.

Сонымен қатар, ҚДСҰО негізінде инфекциялық бақылау бойынша Консультативтік кеңес құрылады, және елдің барлық 17 аймағындағы әр түрлі деңгейдегі медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылау жүйесінің негізгі компоненттерінің қазіргі жағдайы анықталып, бағаланады.

Бағалау нәтижесі бойынша көпжақты пікірталас өткізіліп, Қазақстандағы инфекциялық бақылау бағдарламаларын бақылау жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірленеді.

| DalaNews

Сондай-ақ медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекцияларға бақылау жүргізетін ақпараттық жүйені әзірлеу және енгізу жоспарлануда. Практикалық денсаулық сақтау жүйесіне көмек көрсету үшін, ҚДСҰО және ICAP бірлесіп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының материалдары мен Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық талаптары негізінде медициналық қызметкерлер мен медициналық ұйымдардың басшыларын инфекциялардың алдын алу және бақылау бойынша оқытуды жоспарлап отыр. Оқыту сертификаттары ҚДСҰО атынан беріледі.

Жобаны іске асыру нәтижесінде медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылау бағдарламасының барлық бөліктері жетілдіріледі және ҚДСҰО-ның инфекцияның алдын алу және бақылау шараларын үйлестіру әлеуеті арттырылады. Өз кезегінде, бұл Қазақстан Республикасының жұқпалы аурулармен күресте туындайтын заманауи қиыншылықтарына дайындығын күшейтеді.

 

ICAP орталығы – АҚШ, Нью-Йорк қаласында орналасқан Колумбия университетіндегі қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің құрамына кіреді. Орталықтың басты мақсаты – жанұялар мен қоғамдастықтардың денсаулығын жақсарту. Бүгінгі таңда ICAP әлемнің 30-дан астам елдерінің денсаулық сақтау министрліктеріне денсаулық сақтау жүйесін нығайту, оның ішінде медицина қызметкерлерін оқыту, денсаулық сақтау саласында инновациялық тәсілдерді әзірлеу және енгізу бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсететін және ауқымды ғылыми жобаларды жүзеге асыратын ірі халықаралық ұйымдардың бірі болып табылады.