"Жұрт жұтап жүр...". Төзімі таусылған Қуат Хамитов билікке үн қатты

Dalanews 27 қаң. 2021 08:17 187

«Найман» лақап атымен танылған, белгілі файтер Қуат Хамитов билікке наразылығын білдірді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

– Мен біздің билікке таңқаламын. Сіз мықты болжам жасаушы болсаңыз және мүлдем жоқ ауру туралы статистиканы және олардың нәтижелерін алдын-ала білетін болсаңыз, ендеше алдағы 5 жылға болжам жасап берсеңіз, өтініш!

Мен халқымның Арабтар секілді өмір сүргенін қалаймын! Бірақ, 20 жылдан кейін емес, бүгін, дәл қазір. Біздің жағдайымыз нашар емес, бізде мұнайдың үлкен қоры бар, бізде алтын көп, газ, уран бар. Ал, біз осылардың бар болғанына қарамай Африка сияқты өмір сүреміз.

Болжам жасаушы мырзалар сіздер бұған қалай жауап бересіздер!? Біз қашан халқымызды өз мамандығы бойынша жұмыспен қамтамасыз ете бастаймыз? Біздің балалар қашан тегін білім алуды бастайды? Біздің ағаларымыздың жұбайлары қашан елімізде босанып, балаларымыз өз еліміздің ауруханаларында емделуді қашан бастайды? Біздің болжаушы мырзалар неге осындай ірі мәселелер туралы айтпайсыздар? Сіздер секілді болжам жасағыштар карантинмен  өз халқын және оның бизнесін өлтіріп жатыр.

Онсыз да 80% адам жұмыссыз. Қазақстанның 3 қаласынан басқа жерде жұмыс жоқ және олар әлі күнге дейін XVI ғасырдағыдай ескі қалаларда өмір сүріп жатыр. Сіздер қара басын ғана ойлайтын депутаттарды қызметке алуды доғармай келесіздер. Шығыстық, батыстық әуенмен тербелмей тәуелсіз ел болуды ойлағандарыңыз жөн. Халықты ойлайтын уақыт келді! – дейді Қуат Хамитов.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x