Мұғалімдер сайлауға өздері барды. Міндеттеген жоқпыз – вице-министр

Dalanews 12 қаң. 2021 10:59 225

Білім және ғылым министрлігі педагогтерді сайлауға қатысуға міндеттеген жоқ. Вице-министр Шолпан Каринова БАҚ өкілдерінің сауалына осылай деп қысқа жауап қайырды, деп хабарлайды Dalanews.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Сайлау мәселесіне қатысты айтсақ, әр мемлекеттік органның өзіне тиісті құзыреттілігі бар. Білім және ғылым министрлігінің құзыретіне сайлаудың мәселелерін қарастыру берілмеген.

Сондықтан Білім және ғылым министрлігі мұндай жұмысты жүргізбейді. Иә, "Педагог мәртебесі" заңының аясында мұғалімдерді тиісті емес жұмыстарға тарту қарастырылмайды.


Бұл бойынша фактілер болса, біздің министрліктің білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері түбегейлі қарап отырады. Егер мұғалімдер тарапынан ондай сұрақтар түссе, тиісті шаралар қабыладанды. Ал сайлау жұмыстарына қатысу әркімнің өзінің азаматтық шешімі, – деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x