Түске дейін сайлаушылардың 28,8 пайызы дауыс беріп үлгерді

Dalanews 10 қаң. 2021 08:03 259

Тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 28,8 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова айтты.

– Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Елорданың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтар күні сағат 12-00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 28,8 пайызы алды.

Олардың ішінде: Ақмола облысы – 26,6, Ақтөбеде облысы – 25,6, Алматы облысы – 28,5, Атырау облысы – 29,8, Батыс Қазақстан облысы – 32,2, Жамбыл облысы – 32,1, Қарағанды облысы – 33,5, Қостанай облысы – 30,1, Қызылорда облысы – 28,9, Маңғыстау облысы – 23,7, Павлодар облысы – 33,1, Солтүстік Қазақстан облысы – 34,2, Түркістан облысы – 33,1, Шығыс Қазақстан – 29,9, Нұр-Сұлтан қаласы – 24,2, Алматы қаласы – 15,7, Шымкент қаласы – 34,1 пайыз, – деді Ерлан Дауылбаев.

Оның атап өтуінше, сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша 14-00 ұсынылады. Сайлаушылардың келуі туралы алдын ала қорытынды ақпарат сағат 22-00-де беріледі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x