Back
| DalaNews

Қызылорда облысының экс-әкімі Ысқақовтың ісінде бұрмалаушық болған – қоғам белсендісі

Адвокат Ләззат Кендебайқызының Қызылорда облысының экс-әкімі Қ. Ысқақовқа қатысты посттарына ел шулап жатқан соң не болып жатыр екен деп қарап шығып, таң қалып отрымын.

Арыстағы жарылыстан кейінгі жағдайдан соң Қызылорда облысының экс-әкімінің орынбасары 80 миллион пара алып, халықтан жиналған ақшаны жымқырып кетіпті деген ақпарат бұрқ ете қалған болатын. Содан сол ақпараттардың бірнешеуіне мен де барып, көзім жетпесе де, “Мемлекеттік деңгейдегі бір құныққан жемқордың бірі ғой, бұл жүйеде оңған адам болған емес…” деп пікір қалдырған едім.

Ләззат Кендебайқызының сол іс бойынша жазып жатқан посттарына зер салсам, жағдай біз ойлағаннан мүлде бөлек болып шықты. Ләззат Ахатованың постының астына елге белгілі Абзал Құспанның пікірін оқып, тағы таң қалдым.

Екі білікті заңгер де ап-анық етіп жазып отыр. Жағдай мүлдем бөлек. Сот органдары мен тергеу органдары істі аяусыз бұрмалап, өздерінің мақсаттарын іске асыруда алдына жан салмаған. Мұндай бұрмалаушылық Ислам Әбішев ағамыздың ісінде де орын алған болатын. Мынау жағдайға атүсті қарайын десең, мемлекетке танымал екі бірдей заңгердің жазбасы анық дәлел болып тұр.

Ләззат Кендебайқызы мен Абзал Құспанның пікірін қарап шығып, сот органдарында расында сұмдық деградация мен регресс болып жатқанын аңғарасың. Біздің зайырлы елдегі соттың сыйқы осы. Мынадай сот органдары тұрғанда, біздің елдің түлеп өсуі екіталай. Болашақ та қорқынышты. Мынау түрімен бізді ел қылмайды екен. Біздің тергеу органдары мен сот органдары 1931-1937 жж жала жабу, қуғындау, қудалау, қаралау системамен жұмыс істеп жатыр.

Біздің көзіміз нақты бір нәрсеге жетпей, алдын ала көсемсіп қоятынымыз рас екен. Облыс әкімінің бұйрығы шыққаннан кейін тағайындалған әкімнің орынбасарының өзінің өкілеттігі болмаған іске нұсқау берді етіп, өзге біреулердің қолымен көсеу көсеп, айыпты қылып отыр. Қаржы сол маңайдығы біреулердің нұсқауымен басқа жаққа аударылып кеткен. Оны қуаттап көрсететін құжаттар мен куәгерлер де бар екен. Сонда да іс бұрмаланып жатыр. Бұл өздерінің былықтарының бетін жабу үшін құрбандық іздеудің жолы ғана. Қаралып жатқан істерге да назар салып көрдім. Бәрі бұрмалаушылық пен аяқасты етіп құқын таптау. Сол кездегі ағат пікірім үшін де кешірім сұраймын.

Менің де есеп шоттарымды біреулер заңсыз жауып тастап отыр. Сотқа арыз бердім, мүлдем қаралған жоқ. Одан кейін тағы да арыз бердім, тағы да қаралған жоқ. Біз сонда не істеуіміз керек? Жоғары деңгейдегі мемлекеттік қызметкердің құқы осылай тапталып жатқан соң, қарапайым адамдың құқын қалай даулай алып жатырмыз ба? Біз қорқынышты жүйеде өмір сүріп жатырмыз. Жауабы жоқ өте ауыр сұрақ әйтеуір.

Бекболат Қаржанның әлеуметтік желідегі жазбасы