Әшімбаев: «Бізде комитет пен департаменттер құрылып, қысқарып жатады. Шаруа шешпейді»

Dalanews 07 қаз. 2020 11:18 240

Еліміздегі танымал саясаттанушы Данияр Әшімбаев Қазақстанның мемлекеттік аппараты ұдайы екі жағдайды, яғни, кеңейті және қысқартуды бастан кешетінін алға тартып, өз ойын ортаға салыпты.

Ол дәл осы мәселеге қатысты ойын саясаттанушы былай тарқатыпты.

– Қоғам белсенділері, депутаттар, сарапшылар мен ақпарат құралдары шенеуніктер қоғамдық өмірімізді маңызы зор қандайда бір мәселе назардан тыс қалғанын айтып дабыл қаққанан кейін, атқарушы билік сол сала бойынша арнайы ведмоствалық құрылым құрып, мәселенің тігісін жатқызуға дереу кірісіп кететеді. Ол жастар, экология және жерге қатысты мәселе болуы мүмкін. Осылайша комитеттер мен департаменттер өмірге келеді. Кейде тұтастай министрлік құрылатыны да жасырын емес.

Ал арада біраз уақыт өтіп, қоғамдық ортада көтерілген мәселенің қызуы басылған соң, әлдебіреу мемлекеттік аппарттың ашыған қамырдай жайылып, кеткенін алға тартып, мұны «дереу қысқарту керек» айтқаннан кейін, мәселені шешуі үшін құрылған құрылымдар қайтадан қысқартуға ұшырай бастадй.


Осылайша еліміздегі көптеген комитеттер қоғамдық өмірімізде пайда болған түйіткілді мәселенің түйінін тарқатпастан жұмысын тоқтатып жататыны әдеке айналы, – деп белгілі саясаттанушы атқарушы биліктің жұмысын сынға алыпты.

 

***

ҚР Ішкі істер министрлоігінде;

- 5 минисрдің орынасары,

- 4 комитет

- 15 департамент жұмыс істейді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде;

- 3 вице-министр

- 2 комитета

- 17 департамент жұмыс істейді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде;

- 6 вице-министр

- 6 комитет

- 16 департамент жұмыс істейді.

ҚР Сыртқы істер министрлігінде;

- 5 министрдік орынбасары

- 2 комитет

- 17 департамент жұмыс істейді.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінде;

- 4 вице-министр

- 3 комитет

- 23 департамент жұмыс істейді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x