Митингке шыққандар абақтыдағы Атамбаевты босатып алды (видео)

Dalanews 06 қаз. 2020 05:26 210

Бішкектегі наразылық білдірушілер Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратына баса-көктеп кірді.

Арнайы қызмет қаруын тастап, берілді. Экс-президент Алмазбек Атамбаевтың тергеу изоляторынан босатылғаны туралы да хабарланды.

Әскери прокуратура қарауында Қырғыз Республикасының экс-президенті Алмазбек Атамбаевты күдікті ретінде жауапқа тартатын алты іс бар. Екеуі - криминалды авторитет Азиз Батукаевтың заңсыз босатылуы және өткен жылдың 7-8 тамызындағы Қой-Таштағы оқиғалар, олар бойынша сот процестері әлі жүріп жатыр.

Сондай-ақ БАҚ сыбайлас жемқорлық үшін сотталған бұрынғы премьер-министр Сапар Исаковтың да колониядан босатылғаны туралы хабарлайды. Қырғыз елінің министрлер кабинетінің бұрынғы басшысының үстінен екі қылмыстық іс қозғалған, біріншісінде ол 18 жылға, екіншісінде 15 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

2018 жылы 11 жылға сотталған экс-депутат Садыр Жапаров та демонстранттар тарапынан бостандыққа шықты.

Саясаткер бірден алаңға барып, митингке қатысушылар алдында сөз сөйледі. Ол өзін босатқандарға алғысын жеткізді.

"Мен үш жарым жыл түрмеде отырдым. Сіздердің арқаңызда бостандыққа шықтым. Біз бір нәрсені еске сақтайық: қырғызбыз ба, орыспыз ба, өзбекпіз бе, бәріміз бір елде тұрып жатырмыз! Бәрін заң аясында шешейік. Қазір тарауымыз керек. Күшпен ештеңе шешпейміз. Бәрібір заңсыз болады", - деді экс-депутат.

https://youtu.be/t5lLlOOCMck

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x