Даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіров өмірден өтті

Dalanews 02 там. 2020 09:24 367

Даңқты палуан, грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров 70-ке тақаған шағында өмірден өтті деп хабарлайды Dalanews.kz.




Марқұмның Мәскеу Олимпиадасындағы ерлігiне биыл 40 жыл толған еді.

Былтыр Жақсылық Үшкемпіров туралы фильм түсірілді. Үшкемпіровтың бала кезі мен бозбала шағын Елнұр Назарқұл және Санұржан Сүлейменов сомдаған болатын.



Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы, Тегістік ауылында дүниеге келді.

  • 1980 жылы ХХІІ Олимпиада ойындарында Мәскеуде жеңіске ие болды. Бірнеше рет Грек-рим күресінен КСРО біріншілігінің жеңімпазы, КСРО халықтарының VI жазғы спартакиадасының жеңімпазы,

  • 1981 жылы әлем чемпионы,

  • 1982 жылы әлем кубыгының күміс жеңімпазы,

  • 1974-1984 жылдар Қазақ КСР мемлекеттік спорт комитетінде нұсқаушы.

  • 1984 жылы Красноярск қаласында жалауын көтерген КСРО кубогында 33 жастағы Жақсылық Үшкемпіровты үлкен спорттан шығарып салу рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

  • 1984-1993 жылдар республикалық кәсіподақ комитетінің спорт мектебінің директоры.

  • 1993 жылдан «Жақсылық» спорт клубының директоры.


Жақсылық Үшкемпіров Қазақстанның еңбек ерi, "Барыс", "Құрмет" "Парасат" ордендерінің иегері.

Dalanews.kz марқұмның барлық туған- туыстарына, отбасына, жора-жолдастарына, барша Қазақстан күресiнiң жанкүйерлеріне қайғырып көңіл айтады.

Ағамыздың жаны жанатта болғай!!!

https://youtu.be/vBC2hAn8RFE

https://www.instagram.com/p/B_1W9VMJHDJ/?utm_source=ig_embed

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x