Әкімдер белсенділерді «ел ішіне ірткі салушы» деп айыптауға әдеттеніп алды

Dalanews 01 там. 2020 04:30 284

Қазір билік пен халық арасы не үшін алыстап кетті. Себебі жергілікті билікте отырғандар өз кемшіліктерін, «қылмыстарын» жабу үшін жоғарыға жалған ақпарат береді, – дейді белгілі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек өзінің Фейсбук парақшасында.

Мәселе көтерген адамды әкім-қаралар «ел арасына араздық, іріткі салушы» деп айыптауды меңгеріп алды.

Біз бұлай ұзаққа бармаймыз, елімнің жанашыры ретінде айтарым, елдің болашағы үшін, шырылдап жүрген қоғам белсенділерімен бірігіп жұмыс істейтін уақыт келді!

Бейбітшілік туы желбіреген, тәуелсіз қауіпсіз елде тұрғым келеді!

Президентіміз Қ К Тоқаев өзінің жанына белсенділерді әдейі жинаған жоқ! Бүкіл өңірлердегі ауқымды мәселелерді көріп, біліп отыру үшін жинады.


Осының өзі біраз шенеуніктерге сабақ болу керек! Президенттен үлгі алуылары тиіс!

Ауыл аймақтан проблема не үшін шешілмей жатыр. Себебі жоғарыға дұрыс ақпарат жетпейді!

«Бізде бәрі керемет» деп есеп беруді доғарайық! Шеше алмай жатқан мәселені шеше алмай жатырмыз деп ашық айтайық! Сол кезде ғана біз дамыған елдер қатарына қосыламыз!


Халық не үшін көшеге шығады? Себебі жергілікті жердегі билік, халықты ашындырып сондай дәрежеге жеткізеді. Біз халыққа ағартушылық жолды, дұрыс бағытты көрсетуіміз керек!

Жергілікті деңгейде мобильді түрде, тиімді жұмыс істеуді қолға алған жағдайда ғана, кез-келген мәселелер, әлем деңгейде резонанс тудырмайды.

Президент «тыңдаушы мемлекет» болуымыз керек деп бәрімізге міндеттеді!

Әрбір жоғары лауазымда отырған басшы осыны ескеру керек!

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x