"Бәрін қуыңыз!". Экс-кеңесші Ертісбаев Тоқаевқа қандай кеңес берді?

Dalanews 29 шіл. 2020 04:13 279

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы – еліміздегі ең ірі шаһар және мұндағы жағдай күллі елдегі ахуалдың көрінісі деп санайды. Бұл орайда, ол алматылықтар карантин шараларын өз деңгейінде сақтамайтынын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Карантин шектеуі тұрғысынан алсақ, Алматы қаласының тұрғындары тәртіпке бағынбайтын өңірлердің көшін бастап тұр. Біз мұны көріп отырмыз. Әкімдік тарапынан қандай болсын идеологиялық іс-шара жүргізілуі қажет қой! Күллі ел карантинді сақтайды, ал Алматы қаласы сақтамайды. Осы нигилизмнен арылу керек», – деді Тоқаев.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Алматы дәріханаларын қажетті дәрі-дәрмекпен толтыру мәселесіне де тоқталды. Прездиент дәрі тапшылығы бар екенін айта келе, дәріхана кезегіне адам көп жиналатынын алға тартты.

«Халық видео түсіріп, Үкіметтің өз жұмысын тиісті деңгейде орындамай отырғанын айтады. Ал әкімдер болса дәрі тапшылығы бар екенін мойындағысы келмейді. Жағдай бақылаудан шығып кетті.


Сондай-ақ президент әкімдердің барын жұмыстан қуу туралы кеңес берілгенін тілге тиек етті.

"Экс-кеңесші Ертісбаев сұхбатында: «Президент мырза, Сталин болатын күн жетті, бәрін қызметтен қууыңыз» деп кеңес берді. Өздеріңіз осыған мәжбүрлеп отырсыздар. Әкімдер ғана емес, министрлер жұмысында да олқылық көп. Мен Алматы туралы ғана айтып отырған жоқпын. Алайда, Алматы – ең ірі қала, ол жердегі жағдай барша елдегі ахуалдың көрінісі», – деді Тоқаев.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x