Қазақстанда коронавирус пен пневмония статистикасы біріктірілетін болды

Dalanews 17 шіл. 2020 10:07 228

Қазақстанда коронавирус пен пневмония статистикасы біріктіріледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.




Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.

Коронавирус пен пневмония жағдайлары бойынша деректердің мейлінше ашық болуын қамтамасыз ету үшін Денсаулық сақтау министрлігі статистика жүргізудің жаңа әдістерін қабылдайды.

ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросымен техникалық кеңес жүргізіп, COVID-19 жағдайларын ауруды классификациялаудың жаңа халықаралық кодтары бойынша тіркеуге көшу туралы шешім қабылданды. Осылайша, COVID-19-дың зертханалық расталған жағдайлары ПЦР-тесті теріс болған, бірақ COVID-19-дың клникалық және эпидемиялық белгілері бар пневмония жағдайларымен біріктіріледі, - деп атап өтті ол.

COVID-19 кодталуына жаңа кодтарды пайдалана отырып, аурудың халықаралық жіктелуіне толық көшу 1 тамыздан бастап жүзеге асырылады.

«Жаңа статистиканы жүргізу үшін COVID-19 ауруын кодтау тұрғысында медициналық қызметкерлердің құзыретін арттырып, ақпараттық жүйелерді реттеп, басқа да техникалық мәселелерді реттеу керек болады.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі есеп жүргізудегі өзгеріс Қазақстанның коронавирус инфекциясын жұқтыру мен өлім-жітім бойынша халықаралық рейтингтегі позициясына жаман әсер ететінін түсініп отыр.


Алайда, бұл әдіс ауру жағдайына дұрыс болжам жасауға, қолдағы ресурсты, оның ішінде медициналық кадрларды, төсек-орынды, құрылғыларды, дәрі-дәрмекті ойлы жоспарлауға, статистиканы ашық жүргізуге мүмкіндік береді», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Мұның алдында президент Тоқаев пандемия туралы елге шынайы ақпарат жеткізу керектігін айтқан.


"Пандемия ахуалы туралы барлық ақпарат қанша жерден ащы болса да, оны қоғам білуге тиіс. Жариялылық пен өзара сенім болғанда ғана, біз бірлесе отырып бұл індетті тезірек жеңеміз", – деп жазды Тоқаев Твиттерде.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x