83 мың теңге? Үкіметтің айыппұл салудан өзге амалы жоқ - депутат

Dalanews 03 шіл. 2020 14:10 329

Алыстағы ауылымнан суық хабар келіп жетті: басқа жаққа көшіп кеткен ағалы-қарындасты ағайындарымыз бір батаға барғанда жұқтырған коронавирустен қайтыс болыпты.

Карантинге қарамастан, тығылып өткізген тойларға барып, жаман дертке шалдыққандар қаншама?! Арасында жұртқа ақыл айтып жүрген белгілі азаматтар да бар.

Қазекем өзі ауырмай, немесе жақыны мерт болмай, бата мен тойға баруды тоқтатар түрі көрінбейді.

Сондықтан да карантин тәртібін бұзған жеке адамдарға айыппұл мөлшерін 83 мың теңгеге дейін көбейтуге Үкімет амалсыздан барғалы отыр. Елде қатаң тәртіп орнатудың қатал да болса қажетті бір жолы осы болар, шамасы.


 

"Тәртіпке бағынған құл болмайды" деп батыр ағамыз Бауыржан Момышұлы айтқандай, тәртіпке бағынбасақ, құл болмақ түгіл, ұлт ретінде құрып кетуіміз де мүмкін.


Қытайдың бұл індетті қатал тәртібімен жеңгенінен сабақ алғанымыз жөн.

Кәрібай Мұсырманның әлеуметтік желідегі жазбасы

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x