Қазақстанда пневмонияға шалдыққан науқастар саны 100 мыңға жуықтады

Dalanews 02 шіл. 2020 13:05 184

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты деп хабарлайды Dalanews.kz.




"Былтырғы жылмен салыстырғанда пневмониямен ауырғандар саны 55 пайызға көбейіп 98 646-ға жетті. Былтыр 63 436-ны құраған.

Өткен айда пневмонияға шалдыққан 32 724 жағдай тіркелді. Өткен жылдың дәл осы уақытында бұл көрсеткіш - 7964 адамды құраған еді", – деді министр.

Бұдан бұрын ведомство басшысы Қазақстанда пневмония симптомымен күніне 2,5 мың науқас тіркелетінін айтқан.

Айта елімізде соңғы бір күнде КВИ жұқтырған 10 адам және пневмониямен ауырған 20 адам көз жұмды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x