Назарбаев коронавирустан жазылып шықты

Dalanews 02 шіл. 2020 09:25 230

КВИ тестті қайтара тапсырған Елбасыдан коронавирус анықталған жоқ. Бұл жайында оның баспасөз-хатшысы Твиттерде жазды деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Сіздерге айтар жақсы жаңалығым бар. Елбасының КВИ-ге тапсырған тест сынамасы теріс нәтижесі көрсетті. Назарбаев дәрігерлер кеңесіне құлақ асып, оқшаулану режимін әлі де сақтайтын болады. Қашықтан жұмыс істеп, таза ауада жиі-жиі серуендеуді жоспарлап отыр", – деп жазды Айдос Үкібай.

Айта кетелік 18 маусымда Назарбаевтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болған.

Қазақстан Президенті твит арқылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілеп, Тұңғыш Президенттің өзіне тән мықты рухының арқасында, бұл сынақты да жеңіл еңсеретініне сенім білдірген.

https://twitter.com/Aidos_Ukibay/status/1278615583928483840

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x