Бас санитар: "Той өткізу? Оған әлі рұқсат жоқ"

Dalanews 03 мау. 2020 11:12 214

Қазақстанда әзірге көп адам жиналатын отбасылық шаралар өткізуге болмайды, деді елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова, деп хабарлайды Dalanews.kz.

- Өкінішке қарай, жағдай солай. Қазір отбасылық мерекелер, көп адамның жиналуымен байланысты кез-келген шараларға тыйым салынған, - деді Айжан Есмағамбетова онлайн-брифинг кезінде.

Оның сөзінше, әзірге отыратын орындар саны 50-ден аспайтын кафе мен ресторандар жұмысына ғана рұқсат, бірақ бұл да ұжымдық шаралар өткізуге рұқсат дегенді білдірмейді.


- Қазіргі эпидемиялық жағдай ондай кез-келген шараға рұқсат беруімізге мүмкіндік бермейді. Спорттық, мәдени-бұқаралық, отбасылық немесе рәсімдік шаралар болсын, бір жерде көп адамның ұзақ болуына тыйым бар. Біздің жеңілдету шараларымыз эпидемиялық жағдайға байланысты әр өңірде жеке енгізіледі. Бәрі өз қолымызда, - деп қосты бас санитарлық дәрігер.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x