Бейсен Құранбек дүниеден озды

Dalanews 18 мам. 2020 04:05 225

Белгілі журналист, майталман телевизия маманы Бейсен Құранбек 49 жасқа қараған шағында ауыр науқастан дүниеден өтті. Иманың саламат болсын қазақтың арда ұлы!

Былтыр ақпан айында тележүргізуші асқазан жарасы шығып, дәрігерлердің оны екінші рет аман алып қалған еді. Сол дерт ақыры аяулы азаматты арамыздан алып кетті.

Бейсен Құранбек – 1971 жылдың 9 желтоқсанында Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келген.


«Қазақстан» Ұлттық арнадағы «Айтуға оңай», «Қарекет» бағдарламаларының жүргізушісі болған. «Айтуға оңай» бағдарламасы 2017 жылы, ал  «Қарекет» бағдарламасы 2019 жылы маусымда аяқталған еді. Соңғы уақытта Бейсен Құранбек «Жетісу» телеарнасының директоры қызметін атқарды.

Барша туыстарына, әріптестерімізге қайғырып көңіл айтамыз!

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x