"Айтпасыма болмады...". Алматылық дәрігер Тоқаевқа үндеу жолдады

Dalanews 14 сәу. 2020 08:02 203

Алматылық дәрігер Дидар Меркідегі әріптесі Толқынай секілді өздерінің қорғаныс құралдарымен толықтай қамтамасыз етілмегенін ашып айтып, құзырлы орган мен Президенттен өз істеріне қатысты әділ тексеру жүргізуді сұрайды.

13 сәуірде Алматыдағы №12 қалалық клиникалық ауруханасының 20 медициналық қызметкерінің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Артынан бұл аурухананың бүтіндей карантинге жабылғаны жарияланды. Желіде осы аурухананың коронавирусқа шалдыққан травмотолог дәрігері - Дидардың видеосы пайда болды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Алматылық дәрігер Дидар Меркідегі әріптесі Толқынай секілді өздерінің қорғаныс құралдарымен толықтай қамтамасыз етілмегенін ашып айтып, құзырлы орган мен Президенттен өз істеріне қатысты әділ тексеру жүргізуді сұрайды.

Сондай-ақ ол өзі жұмыс істейтін аурухананы ғана емес, еліміздің барлық өңіріндегі ауруханаларды жаппай тексеруді, сөйтіп коронавирустың таралу ошағын дер кезінде ауыздықтауды сұрайды.

Бұл видео журналист Мақсат Толықбайдың Facebook-тегі парақшасында жарияланды.

- Біз басында тек медициналық маскамен жүрдік. Ал пневмония, жөтелген науқастардың барлығы төтенше жағдай жарияланғаннан бастап бізге ағылып түсіп жатты.

Біз болсақ, бір маскамен жүрдік, түсінесіздер ме? Арнайы киім, арнайы маска, көзілдірік деген секілді қорғаныс құралдары бізде болған жоқ.


Міне, бертінге дейін, тек 7 сәуірде ғана бере бастады оны бізге. Бәрі кеш болғанда. Осылай індет ошағына айналдық. Айтайын дегенім, тексеруді әділ жүргізсін. Біз отбасымыз үшін, қызметтік абыройымыз үшін алаңдаймыз. Ең дұрысы, коронавирус көптеп тарап кетпесін демесе, Қазақстанның барлық ауруханасын тексерсін. Қаладағы біздегі жағдай мынау, ал өңірлерде не болып жатыр, оны елестетудің өзі қиын? Мұнда жаппай ауру жұқтырғандар - бәрі карантинде, бәрі талдау нәтижесін күтіп, бір-біріміз үшін алаңдап отырмыз, - дейді видеода алматылық дәрігер.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x