Айдос Үкібай: "Назарбаев сап-сау, сенбесеңдер әкімдерден сұраңдар"

Dalanews 04 сәу. 2020 07:24 167

Бүгіндері Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы мықты, Отанымыздың игілігі үшін, тіпті карантин жағдайында да жұмыс істеуін жалғастыруда екенін айта отырып, мен сіздерді осыған сендіргім келеді.

Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы нашар деген қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Кеше Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев аймақ басшыларымен бірнеше рет телефон арқылы байланысқа шықты, алдымен төтенше жағдай кезіндегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды.

Қатаң карантин жағдайында Елбасының жұмыс кеңсесіне кіру шектеулі екенін түсіну керек. Бірақ, осындай шектеулерге қарамастан баспасөз қызметі халықты Тұңғыш Президенттің қызметі туралы уақтылы хабардар етіп отыруға тырысады.
Біз ешқашан өсең-аяңға қатысты түсінік берген жоқпыз. Алайда соңғы уақытта белгілі бір жеке тұлғалар елдегі жағдайды тұрақсыздандыруға белсенді түрде тырысуда, соның ішінде Елбасының денсаулығы туралы жаңсақ мәліметтер тарату арқылы да. Мұның бәрі - арандату және таза өтірік.

Бүгіндері Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы мықты, Отанымыздың игілігі үшін, тіпті карантин жағдайында да жұмыс істеуін жалғастыруда екенін айта отырып, мен сіздерді осыған сендіргім келеді.

Егер кім де кімде бұған күмәнданса, онда кеше Елбасымен сөйлескен әкімдердің бірінен бұл туралы сұрап білсін.


Барлық шектеулер алынып тасталғаннан кейін Тұңғыш Президенттің қатысуымен өтетін жұмыс кездесулерінен немесе жиыннан жекелей видео түсіруге уәде беремін. Сөз соңында, басқаның сөзін естуге келгенде саңырау, басқаның қасіретін көруге келгенде меңіреу бола қалатын адамдардың тілі сумаң, ниеті жаман болады деп айтқым келеді", - деді Айдос Үкібай.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x