Алматыда коронавирус тіркелген аудандардың тізімі аталды

Dalanews 20 нау. 2020 12:16 249

Қалада COVID-2019-ның 10 ошағы анықталды.

Алматы әкімдігі қаладағы инфекция ошақтары туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Алматы қалалық Бас штабы COVID-2019 індеті тарай бастаған аймақтарға іштей карантин енгізді.

Алматыда 19 наурыздағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға арналған қалалық штаб отырысында COVID-2019 індет ошақтары тіркелген аймақтарға іштей карантин енгізу туралы шешім қабылданды, делінген хабарламада.

20 наурыздағы дерек бойынша, Алматыда коронавирустық инфекцияның 22 зертханалық расталған жағдайы тіркелді. Алматыдағы эпидемиологиялық зерттеу нәтижелері бойынша, COVID-2019-ның 10 ошағы анықталды:

- Алмалы ауданы - 3;

- Медеу - 3;

- Түрксіб - 2;

- Жетісу - 1;

- Алатау - 1.

Бұл жерлерде коронавирустың одан әрі таралуын болдырмау үшін эпидемияға қарсы және алдын-алу шаралары күшейтілді. Медицина қызметкерлері көрсетілген аймақтағы барлық адамдардың жағдайын қатаң бақылауға алады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x