Сағынтаевтың орынбасары: "Үйде отырыңыздар, көшеге шықпаңыздар"

Dalanews 20 нау. 2020 06:44 197

Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов алматылықтарға карантин кезінде көшеге шықпай, үйінде отыруға кеңес берді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Екі қалада карантин жарияланды, вирусты одан әрі таратпас үшін.

Мен осы мүмкіндікті пайдаланып, азаматтарымызға денсаулықты сақтаудың ең жақсы әдісі - үйде, отбасыңызда болу және сыртқа шықпау екенін ескерте кеткім келеді.


Мұндай ресми тыйым жоқ, бірақ қажеттілік болмаса көшеге шықпауға, көп су ішуге, С дәруменін пайдалануға кеңес беремін, - деді ол.

Ол өзінің иммунитетін нығайту үшін пияз, сарымсақ жеп, С дәруменін тұтынып жүргенін айтты. Ұйқының да денсаулыққа пайдалы екенін айтқан ол әзірге бұл жағы өзіне бұйырмай жатқанын да жеткізді. Кеше түнде ол үш сағат қана ұйықтапты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x