Назарбаев карантиндегі екі қаланың тұрмысы төмен отбасыларына 150 млн теңге бөлді

Dalanews 18 нау. 2020 07:29 229

Елбасы, "Nur Otan" партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша "Кедергісіз келешек", "Бақытты отбасы" және "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобалары аясында карантин жарияланған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы жалғызбасты қарттарға, мүгедектер мен тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға атаулы көмек көрсету үшін 150 млн теңге бағытталды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Бұл туралы facebook-те Бауыржан Байбек жазды.

Бұл қаражатқа медициналық маскалар, антисептикалық құралдар мен бірінші кезекте қажетті тауарлар сатып алынып, оларды партиялықтар мен "Jas Otan" волонтерлары халықтың тұрмысы төмен әлеуметтік тобына үлестіріп беретін болады. Сонымен қатар партияның Орталық аппараты мен филиалдарының қызметкерлері осы қажеттіліктерге өздерінің бір күндік жалақыларын аудару туралы шешім қабылдады.

Қазір Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірге коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында құрылған жедел штабтарға кез келген көмек көрсету үшін волонтер-еріктілердің ықшам топтары жасақталуда.

https://www.facebook.com/baibekbk/posts/148218276665612

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x