Қазақ ақыны Путинге арнап жыр жазып, ән шығарды (видео)

Dalanews 15 нау. 2020 05:21 189

Назарбаевтар әулетін жырға қосып, елге танымал болған ақын Балтабек Нұрғалиев танымалдығын одан бетер арттыру үшін Ресей президенті Путинге арнап ән шығарыпты.  

Ол өзінің жаңа туындасын «Чем слонце ты светлей» деп атапты. Ақының гитарамен орындаған әнін әлеуметтік желідегі парақшасынан жүктепті.

Балтабек өзінің жаңа әнінде «Ты (Реседі айтып отыр) наш друг, ты великий, ты герой» деп орыстардың мақтауын әбден асырғанын байқауға болады.

Ал Путин жайында «Путин әлемге тыныштық сыйлаушы президент» деп көрші елдің басшысын жер-көкке сыйғызбай мақтапты.


Осылайша танмал адамдарға арнау өлең жазуда алында жан салмайтын Балтабек Нұрғалиев Путиннің назарына ілігуге белді бекем буғанын байқадық.

[video width="640" height="360" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2020/03/нургалиев.mp4"][/video]

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x