Тоқаев мәлімдеме жасады

Dalanews 12 нау. 2020 06:09 126

Әлемде коронавирустың таралуына байланысты Қазақстанда бұқаралық шаралар өткізілмейтін болды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Бұл туралы Twitter-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жазды.
"ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс" деп жазды Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы өз жазбасына: "Ең бастысы – азаматтарымыздың денсаулығы. Біз қиыншылықтарды #Birge еңсереміз" деп қосты.

Айта кетелік бұған дейін ДДСҰ әлемге жаппай жайылған коронавирусты індет деп таныды.
Алдағы күндері және аптада біз зардап шеккен елдердің саны көбейетінін және өлім-жітімнің артатынын болжаймыз, - деді Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Гебрейюс Женевада өткен брифингтің тікелей эфирінде.

Сонымен қатар ол ДДСҰ коронавирусты пандемия ретінде бағалау туралы шешім шығарғанын жеткізді.

11 наурыздағы жағдай бойынша әлемде жаңа коронавирустық инфекцияны жұқтырғандардың жалпы саны 114 елде 118 мың адамды құрады. 4291 науқас қайтыс болды.


Пандемия (грекше «барлық халық») - бұл бүкіл елде, көрші мемлекеттердің аумағына, кейде әлемнің көптеген елдерінде (мысалы, тырысқақ, тұмау) инфекциялық аурудың жаппай тарауымен сипатталатын ерекше күшті індет (мысалы, безгек, тұмау).

Соңғы рет ДДСҰ «шошқа тұмауы» деп аталатын H1N1 вирусын пандемия деп таныған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x