Қызметкері пара алған полиция басшысы өзін жұмыстан босатуды сұрады

Dalanews 05 ақп. 2020 11:07 201

Себебі оның қол астындағы бірнеше полицей пара алу күдігімен істі болып жатыр.




Батыс Қазақстан облысы Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Манарбек Нәжиев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Dalanews.kz "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

Былтырғы жылдың 29 желтоқсанында БҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басшысы Кенжебек Құспаев пен оның орынбасары Манарбек Нәжиев өздерін қызметінен босатуды сұрап, арыз берген.

[caption id="attachment_49993" align="aligncenter" width="469"] Манарбек Нәжиев[/caption]

 

"Тәртіптік комиссияның шешімімен Манарбек Нәжиев жұмысынан босатылды, ал Кенжебек Құспаевқа келетін болсақ, оны қызметінен босату мәселесін қарау үшін құжаттары ҚР Ішкі істер министрлігіне жолданды", деп хабарлады БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

[caption id="attachment_49994" align="aligncenter" width="613"] Кенжебек Құспаев[/caption]

Ондағылар қазір екеуінің де полиция резервінде тұрғанын, қалаған кезде жұмысқа шыға алатындарын, бірақ лауазымдары төмендетілетінін айтты.

Қаңтарда БҚО-да жол-патрульдік полиция взводының командирі жол ережесін бұзғандарды жауапқа тартпағаны үшін жүйелі түрде пара алып келген деген күдікпен ұсталды.

Сондай-ақ, оның басшылығы кезінде қарамағында жұмыс істеген бірнеше полиция қызметкерлеріне де қатысты қылмыстық істер қозғалған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x