Алматы облысында пойыз автобусты соқты. Жүргізуші қаза тапты (видео)

Dalanews 15 қыр. 2019 15:50 298

Алматы облысының Ақсеңгір - Шамалған теміржол станциясының торабында пойыз автобуспен соқтығысқан.

Төтенше жағдай бүгін кешкі сағат жетілер шамасында орын алды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілі хабарлағанындай автобус жүргізуші пойыздың жақын қалғанын хабарлаған ескертуді елемей теміржолға шығып кеткен. Жүргізуші оқиға орнында жантәсілім етті.



Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелдің хабарлауынша Шамалған станциясындағы жол көлік оқиғасынан 1 адам мерт болып, 3 адам жараланған.

Оқиға орнына қажетті көлемде жедел жәрдем көліктері жетті. Оқиға орнында тиісті сала басшылары жетті. Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев оқиға орнында. Жақын арадағы ауруханалар күшейтілген режимде жұмыс істеуде.



Қосымша ақпарат толықтырылып беріледі.

https://youtu.be/ldHnAhSak9k

https://youtu.be/AwLVM75AM3g

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x