Ермекбаев: "Арысқа қайтпаңыздар, жарылмаған оқ-дәрі болуы мүмкін"

Dalanews 24 мау. 2019 15:02 144

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыс тұрғындарына үн қатып, әзірге үйлеріне қайтуға асықпауды сұрады.  


"Мұның барлығы қауіпсіздік мақсатында жасалып отыр.  Толық рұқсат етілмегенге дейін қалаға қайтпаңыздар, құрметті тұрғындар.

Себебі Арыстың көшелері мен жолдарында жарылмаған оқ-дәрі болуы әбден мүмкін.


Әзір арнайы шақырылған саперлер тобы тексеру-тазалау жұмыстарын бастады. Бұл іс аяқтала салысымен, тұрғындарға үйлеріне оралуға рұқсат беріледі", - деді ведомство басшысы. 

Министр сонымен қатар халықты үйлеріндегі дүние-мүлікке алаңдамауға шақырды.

"Қазіргі таңда қаладағы барлық үй құқық қорғау органдарының қатаң бақылауында, осы себепті дүние-мүлікке алаңдамасаңыздар болады. Ұрлық-қарлық, тонау-үптеу болмайды. Әскери қалашықтар мен қару-жарақ та әскерилердің бақылауында", - деді Ермекбаев. 

Айта кетелік Арыс қаласындағы жарылыстан соң қару, басқаларға қауіп тудыратын заттар мен нәрселерді сақтау ережесін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Ал әлеуметтік желіде куәгерлер түсірген видеолар көптеп шығып жатыр.

https://youtu.be/NZeN3aGthUI

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x