Арыстағы апат: "Бөген" қоймасына қатысты ақпарат жалған

Dalanews 24 мау. 2019 08:01 211

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев Арыстағы әскери бөлімшеде орын алған жарылысқа байланысты оқиға орнына барды деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 


Қазіргі таңда арнайы штаб құрылып, әскерилер мен құқық қорғау органдары ТЖ аймағына келіп жетті.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, тұрғындар

1. Ақдала бұрылысы
2. 41 разъезд
3. Водозобор бағытында лагерльерге орналастырылады.

Аталған үш бағыт бойынша әскери көліктер, камаздар мен арнайы жасақ жұмылдырылуда.

Лагерь басында тұрғындарды аудан әкімдері қарсы алып, жайғастырады.

Әлеуметтік нысандарды (аурухана, балалар) полиция қызметкерлері көшіруде.

Қазіргі таңда көптеп тарап жатқан "Бөген" су қоймасынан келетін қауіп туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдейміз.

Сондай-ақ, Отырар мен Ордабасы аудандарында 100 орындық екі госпиталь ашылды. Қосымша 30 жедел медициналық көлігі жұмыс істеуде. 

Бұдан бұрын желіде Арыстағы өртті сөндіру үшін Бөген су қоймасын төменге қарай ағызып жібереді деген ақпарат тараған. 

Шымкент қаласының төтенше жағдайлар комитетінің мамандары аталған хабарламаның шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

Ведомствоның мәліметінше, тиісті шешімді Түркістан облысы әкімі қабылдауы тиіс. Бұл жағдайдың алдағы уақытта қалай өрбитіндігіне байланысты болады.

Мамандар қазіргі уақытта суды жіберу туралы нұсқаулар түспегенін алға тартты.

Түркістан облысы әкімінің көмекшісі аталған жағдай бақылауда екенін жеткізді.
"Қазіргі уақытта Арыс маңындағы Бөген су қоймасының бұзылу қауіптілігі жоқ", - деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында.





 

https://youtu.be/oUdd2UyQznI

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x