Өскемендегі ІТ фестиваль: жас өнертапқыштар облыс әкімін таңғалдырды

Dalanews 17 мам. 2019 13:22 242

Облыс орталығында аймақтағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеруге ден қойған жастар арасында VII облыстық IT-фестивалі өтті. Мұнда өңірдегі мектеп оқушыларымен қатар, колледж, ЖОО-ның студенттері келіп, өздерінің ғылыми жобаларымен таныстыруда.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы жылы IT-фестивальдің ауқымы көп артқан.


Көрермендер виртуалды шындық көзілдірігін кию арқылы инновациялық 3D-кітаптарды парақтап, робот-гидпен сөйлесуге мүмкіндік алды7 Ал 200-ге  тарта қатысушы 95 замауи IT жобаларын «Мейкерлік», «Junior Skills», «Startup-жобалар», «ClusterPro» және робополигонда секторларында көрермен назарына ұсынды. 



Жас өнертапқыштардың жобалалары таңдайқағарлық қана емес, тұрмыста пайдалы әрі өзекті болып шықты. Мысалы Үржар ауданынан келген Ерсін Тілеуғабыл көру қабілеті төмен жандарға арналған арнайы құрылғы ойлап тапқан.




 

Ерекшелігі – адам қолына кию арқылы алдында тұрған қанда нысан екенін анықтайды. Одан бөлек, оның бағасы да қолжетімді көрінеді. Жас өнертапқыштың айтуынша, мұндай идеяны өзі ойлап, кейін жетекшісі екеуі қолға алған екен. Сондай ақ, Семейдегі ерлерге арналған «Жас Ұлан» лицейінің кадеттері Ділдар Нұрсұлтан мен Аңсар Құсаинов экзоқаңқаның өз моделін ойлап тапқан. Оның бірегей технологиясы құтқарушыларға апатты жағдайларда ондаған адамды алмастыруға мүмкіндік береді.


Көрмеге қойылған жас өнертапқыштардың заманауи жобаларына  ШҚО әкімі Даниал Ахметов жоғары баға берді.



100-ге тарта жобаның ішінде аймақ басшысы атап өткен екі жоба - робот-манипулятор мен интернетсіз жұмыс істей алатын қазақ-латын әріпін түрлендіргіш қосалқы бағдарламасы болды.


Олардың авторлары облыстық физика, математика және информатика бойынша дарынды балаларға арналған арнайы мектеп-лицейінің оқушылары Никита Пятков, Вячеслав Трегуб, Искандер Чадоев және Зайсаннан келген Дана Әрімжанова.



– Осындай жобаларды жасай отырып сендер жаңа білімге жол ашып қана қоймайсыңдар. Сендер осылайша өздеріңнің де біздің де болашағымызға жол ашасыңдар. Дұрыс бағыттасыңдар! Бұл фестиваль жарқын іс –шара болып, креативті жастарға мол мүмкіндіктер береді деген ойдамын,-деді өз сөзінде аймақ басшысы Даниал Ахметов.


Шара қорытындысы бойынша тәуелсіз сарапшылар «Үздік ІТ-жоба» және «Көрермендер көзайымы» жүлдесін онлайн-дауыс беру арқылы анықтады. Бұл аталымға Жарма ауданының Карелин П.Г. атындағы орта мектебі оқушысы Аңсар Мейрамханов лайық болды.


Ал бас жүлдені Әли Бердібек (Шәкәрім атындағы #1орта мектеп, Өскемен) смарт –бесік, 1 орын Надежда Закусилова (#4 орта мектеп, Өскемен) 21 ғасыр мектеп портфелі, 2 орынды Әлішер Мәулетов, Ілияс Закариянов (Үш тілді  білім беретін Шәкәрім атындағы көпсалалы гимназиясы, Семей) «Теңге алу» компютерлік ойыны, 3 орынды Қымбат Жеңісхан (С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен) логопедтік тренажер жобасымен иеленді.


Айта кету керек, ағымдағы жылы күзде облыс орталығында халықаралық ІТ Форум өтеді. Былтырғы жылғыдай оқушылар мен студенттер және ІТ компаниялардың өз жобалаларын ұсынуға жағдай жасалады. Ал үздік жобаларға аймақтың әлеуметтік-экономикалық саласын дамытуға үлес қосу үшін гранттар бөлінбек.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x