Қ.Тоқаев: «Екіұдайылыққа» жол бермеймін»

Dalanews 02 сәу. 2019 07:17 203

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ең алғашқы сұхбатын қазақтілді Egemen Qazaqstan және Aıqyn газеттеріне беріп, газет басшыларының сұрақтарына жауап берді.

Сұхбат барысында айқын газітінің бас редакторы билік басында «екіұдайшылық» жайында сұрады. «Халықаралық сарапшылар билік тізгінінің бейбіт жағдайда берілуін Орталық Азия тарихында бұрын-соңды болмаған ғаламат тарихи оқиға деп жазып жатыр. Кейбір сарапшылар келешекте екіұдайылық орын ала ма деп қауіптенетін секілді. Бұл жөнінде не айтасыз?» деген сұраққа ҚР Президенті былайша жауап берді.

 – Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап жаңа мемлекеттілік жасаудың барлық тауқыметін басынан өткерді. Қиындыққа толы осы жолда толағай табыстарға қол жеткізді. Қазақ елін төрткүл дүниеге әйгілеп, барша әлемге мойындата білді.

Тәуелсіз еліміздің бүгінгі өсіп-өркендеуі, ертеңгі даму келешегі Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Түрлі сәуегейлік жасаушылар бұрын да болған, қазір де, кейін де бола береді.

Ең бастысы, біз биліктің ауысуын тұрақты жағдайда өткізе білдік. Тағы да қайталап айтамын, бұл ең алдымен, Елбасының парасаттылығы мен көрегендігін және халқымыздың даналығын көрсетеді.

Біз әлемге өркениетті ел екендігімізді, жұртымыздың саяси мәдениетінің жоғары екендігін дәлелдедік. Кейбір мемлекеттердегідей алаңға шығып, шу көтерген жоқпыз. Бәрі заң шеңберінде өтті.

Және мен де осы бағыттан ешқашан таймаймын және ешқандай «екіұдайылыққа» жол бермеймін.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
ТЕЛЕ2 - БАСТЫҚ1
22 сәу. 2024 18:05
x