Back

Түркістан облысын құру және облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру туралы Елбасының Жарлығын түркістандықтар қуанышпен қабылдап, ел болып мерекелеп атап өтті.

 Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен ҚР Президенті әкімшілігінің және Түркістан қалалық мәслихатының келісімімен Түркістан қаласы әкімі лауазымына Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаев тағайындалды.

 Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысының пайда болуына байланысты пікір білдірді. Президенттің аталған тарихи оқиға байланысты жазылған видеосы AkordaPress әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.