Back

Бүгін Түркістан облысының және Шымкент қаласының мемлекеттік қызметшілері кәсіби мерекелерін атап өтті. Биыл бұл мереке Мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығымен тұспа тұс келіп отыр. «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» ғимаратында 900-ге жуық мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен өткен салтанатты шараға облыс әкімі Ж.Түймебаев, Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өңірдегі Департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев, облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев және халық қалаулылары мен мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

Түркістан облысының тауарөндірушілері 2018 жылдың маусым айының 23-24 күндері Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізеді. Шарада 50-ден астам кәсіпкер қатысып, жалпы құны 122,8 млн. теңгені құрайтын 286 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін арзан бағада саудалайды. Атап айтқанда, 65 тонна ет және ет өнімдері, 101 тонна көкөніс, 18 тонна сүт өнімдері, 23 тонна жеміс-жидек, 18 тонна картоп, 20 мың дана жұмыртқа, 6 тонна балық, 5 тонна балық, 5 тонна кептірілген жеміс, 4 тонна түрлі консервілер, 41 тонна басқа өнімдер сатылымға шығарылмақ.