Back

Алматы облысының әкімі Журналистер күніне және жергілікті «Жетісу» мен «Огни Алатау» газеттерінің ғасырлық тойына орай арнайы шара ұйымдастырып, төртінші билік өкілдерімен мерекелерімен құттықтады. Өз сөзінде Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар журналистердің бұқара мен биліктің арасындағы алтын көпір екенін айтты.   

Қазақстан мен Ресей ғарышкерлері Алматы облысындағы Алакөл курорттық аймағына келіп, ғажайып көлдің қасиеті жайында әңгімелеп берді. Бұл кездесу Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алакөлді дамыту бойынша тапсырмасын орындау аясында курорттық аймаққа ішкі және ресейлік туристердің легін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.