Back

Оңтүстік Қазақстанда өңір халқын сапалы ауызсумен жабдықтау бойынша жоспарлы жұмыстар тұрақты атқарылуда. Облыстың даму жоспарына сәйкес, үш жылда 84 елді мекенді, яғни, 209,7 мың адамды орталықтандырылған ауыз сумен қамту жоспарланып отыр.

Шымкент қаласында отбасымен дамалатын алғашқы «Арбат» ел игілігіне берілді. Шымкент қаласының Бекет батыр көшесінен орын тепкен жаңа демалыс аймағының ашылу рәсіміне Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, қала әкімі Нұрлан Сауранбаев пен облыстық және қалалық мәслихаттың депутаттары, қала тұрғындары қатысты.

«Санды Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындау және «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы негізінде мемлекеттің барлық секторларының өркендеуін қамтамасыз ету мақсатында, 2018 жылғы 3 мамырда Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері басқармасында «Мемлекеттік электрондық портал» атты дөңгелек үстел өткізілді.   

Назарбаевтың күйеубаласы Выборгтың түбіндегі Высоцк портын сатып алды. Неге? Не үшін? Қазақ байларының ақшаны Ресейге төгіп жатқанының белгісі ме бұл? DalaNews.kz немістің Deutsche Welle сайтында жарияланған сараптаманы аударды.

Талғар ауданындағы «Лесная сказка» демалыс кешенін одан әрі дамытуға бағытталған «Апорт-Ақтас» тау шаңғы курортының жобасы бүгін облыс әкімі Амандық Баталовқа таныстырылды. Жобаға бастамашы болған «Alina» компаниялар тобының президенті Ерлік Балфанбаев құрылыс жоспары мен нысан макетін көрсетіп, баяндап берді, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ақмола облысында Қорғалжын ауданының соты экс-әкім Жанат Омаровқа қатысты қылмыстық істі тоқтатып, істі әкімшілікке ауыстырыпты. Ендігі сегізінші сынып оқушысын сабап тастаған әкім жазадан оңай құтылып кетуі ықтимал.

Оңтүстік Қазақстан облысында алғаш рет тәулігіне 3 тонна ешкі сүтін өндіруге және 24 тонна сүт өңдеуге қауқарлы «Асыл тұқымды шаруашылық. Ордабасы ешкі сүт өнімдері» кооперативі құрылды. Жаңадан ашылған шаруашылықтың жұмысымен танысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев аталған кәсіп түрін дамытудың жолдарын талқылады. Ешкі сүтінің адам денсаулығына пайдасы мол екенін айтып, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы  қазақстандықтардың рухын оятып, санасына сілкініс туғызды. Шындығында да, бұл біздің көптен бері көкейімізде жүрген қазақ халқының тағдырына қатысты терең ойлар. 

Қайрат Нұртас Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен түскен суретін жариялады. Хитмен үнемі өнеріне қолдау көрсетіп жүрген шендіге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.