Back

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов Талдықорған қаласындағы Шевченко көшесінің Құрманов көшесінен Қабанбай көшесіне дейінгі бөлігінде ұзаққа созылып кеткен жол жөндеу жұмыстарының барысын аралап көрді. Сол орында мердігер компаниялар «АРС-1» және «ТурГаз» ЖШС-ларының өкілдерімен жедел жиын өткізді. Айдарбек Байжанов жөндеу жұмыстарының барысын сынға алды.

Таяуда ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың халық алдындағы есептік кездесуі өтті. Жиынға Астана қаласының тұрғындары, сарапшылар қауымдастығының және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Кездесу барысында Дәурен Абаев ведомствоның бір жыл көлемінде атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы баяндады. Сонымен қатар министр видеоконференция арқылы еліміздің өзге де аймақтарының және министрліктің ресми сайтына келіп түскен сұрақтарға жауап берді.

Оңтүстік Қазақстан облысының 120 мыңға жуық халқы бар Төле би ауданында алдағы 5 жылда өздерінде өндірілген электр қуатымен толық қамтылатын болады. Бұл туралы Төле би ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ағымдағы жылы Мақтарал ауданының индустриалды аймағында 6 жоба іске асырылып, 380 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылатын болады. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мақтарал ауданының Мақтарал ауданы Жамантай Бейсенбаев мәлім етті.

«Белгілісі, бүгінгі биліктің қазақпен он қайнаса да сорпасы қосылмайды» дейді Айдос Сарым.  Және дұрыс айтады. DalaNews.kz cаясаттанушының «Неге солай?» бағдарламасына берген сұхбатын ықшамдап ұсынып отыр.  Сонымен, Сарым не дейді?

Жақында Алматы қаласындағы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында Ресей мамандарының қатысуымен «Ретинобластомаға шалдыққан науқастарды жедел емдеу» атты көз іші қатерлі ісігі – ретинобластоманы емдеуге арналған шеберлік-сыныбы өтеді.Шеберлік-сыныбы аясында елімізде алғаш рет ретинобластомаға шалдыққан балаларға селективті интраартериалды химиотерапия (СИАХТ)  жүргізіледі және ҚР азаматтарын шетелге емделуге жіберу мәселесі бойынша жұмыс органына өтінім берген науқастарға ота жасалынатын болады.

Астана экономикалық форумының қарсаңында Берлин Еуразиялық клубының 23-отырысы «Қазақстанда жекешелендіру бағдарламасы – Неміс орта бизнесінің мүмкіншілігі ме?» атты басқосу болып өтті. Іс-шараны «Kazakh Invest» пен Қазақстандағы Германия Федеративтік Республикасының Елшілігі ұйымдастырды.

Таяуда ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың халық алдындағы есептік кездесуі өтті. Жиынға Астана қаласының тұрғындары, сарапшылар қауымдастығының және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Кездесу барысында Дәурен Абаев ведомствоның бір жыл көлемінде атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы баяндады. Сонымен қатар министр видеоконференция арқылы еліміздің өзге де аймақтарының және министрліктің ресми сайтына келіп түскен сұрақтарға жауап берді.

8 мамырда Мәскеуде алаяқтықпен айналысқан деген айыппен банкир Жомарт Ертаев ұсталды. Кейін Преснен аудандық сотының ұйғарымымен Ертаев 40 күнге үйқамаққа қамалды. Банкирдің білегіне жүріп-тұрғанын бақылап отыратын электронды браслет тақты жауапты органдар.