Back

2016 жылы Тасарық ауылдық округіндегі тастақ жерді техниканың күшімен игеріп, жүзімбақ еккен жеке кәсіпкер Сабыржан Танабаев ауданда үлкен көлемде сарымсақ егуді бірінші болып қолға алды. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі жазады.

Оңтүстік Қазақстан облысында 2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша биыл 11-сыныпты 33766 оқушы бітіреді, оның ішінде 26000 қазақ, 2834 орыс, 4605 өзбек, 327 оқушы тәжік сыныптарының оқушылары. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов мәлім етті.

15 мамыр күні еліміздің барлық өңірлерінде жалпыұлттық ата- аналар жиналысы өткізілді. Аталған іс- шараны Алматы қаласы №104 жалпы білім беретін мектеп те өз деңгейінде өткізді.