Back

Астанада кәсіпкер, "Эксимбанк Қазақстан" АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Еркін Әмірханов қамауға алынды деп хабарлайды жергілікті zakon.kz порталы. Оны "коммерциялық пара" ісі бойынша күдікті ретінде ұстаған.

 Ринат Зайытов желідегі жұртпен тілдескен екен. Тікелей эфирге шыққан ақын халықтың көкейіндегі өзекті деген сауалдарға жауап беріпті. Әсіресе, Әблязовке ерекше тоқталған екен  деп жазады DalaNews.kz. Сонымен, Зайытов не дейді? Оны қандай мәселелер толғандырып жүр?

Алматы қаласының Алатау ауданында, Алғабас ықшам ауданында 7000 адамдық зәулім мешіт салынбақшы. Ол мешіттің орны 16 мың шаршы метрді құраса, мұнараларының биіктігі 75 метрге дейін жетпекші. Атаулы мешіттің 9 мұнарасы болмақ. Сонымен бірге, ол жерде діни кітапхана, әкімшілік мекеме, діни рәсімдер залы, діни шәкірттер тәрбиелейтін медресе және дүкендер бой көтермекші.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы үлкен қолдауға ие. Бұл бағдарламасы жастарымыздың болашағы үшін іске асырылғандықтан, мұндай мәні зор іске бәріміз қолдау білдіруіміз керек.

Өзбекстанның бұрынғы бас прокуроры Рәшид Қадыров Ташкенттегі қатаң режимдегі ауруханада ем қабылдап жатыр. Бұл ақпаратты ІІМ-нің бір офицері Қадыров отбасына айтқан.

 Бүгін Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумы аясында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Өзбекстан Республикасының сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Адхам Икрамов пен Сыртқы сауда министрінің орынбасары Сохиб Сайфназаров бастаған делегацияны қабылдады.

Әлем киномотографиясын дүр сілкіндірген қазақ қызы –  туралы әкесі айтып берді. Әлем киномотографиясын дүр сілкіндірген қазақ қызы – Самал Есләмова кезінде журналист болғысы келген екен, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Алматыда Халықаралық «Жас Өркен – 2018» жас дизайнерлер мен сәнгерлер байқауының жеңімпаздары анықталды. Үш финалист көлемді қаржылай сыйлықтарға ие болып, қазақстандық сән әлеміне жол ашты және атақты дизайнерлермен келісімшарттар жасады.