Back

Мақтарал ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев "Мерейлі отбасы 2018" ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы Серікбаевтар отбасының отағасы Сапаралы Серікбаевты қабылдап, арнайы құттықтады.

Биыл Мақтарал ауданында бақша өнімдері былтырғыдан  10-15 күн бұрын ерте пісіп, диқандар алғашқы қауын-қарбыз өнімдерін көршілес Ресей мемлекетіне жөнелте бастады. Қарбыздан алғаш боп өнім алғандардың қатарында "Әбіш-ата" шаруа қожалығы да бар. Бір күнде 20 тонна өнімін саудалаған аталған қожалық  биыл 3 гектар жерге қарбыз егіп,  гектарына 30 тоннадан өнім алуды жоспарлап отыр. 

Тәжікстандағы "Ховар" ұлттық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, елде тоғыз миллионшы тұрғын қыз бала 26 мамырда таңғы сағат 06:30-да, астананың №1 перзентханасында дүниеге келген. Жаңа туған сәбидің салмағы – 3,6 келі, бойы 51 см.

Өзбекстанның Либеральды-демократиялық партиясы «Менинг фикрим» ("Менің пікірім") ұжымдық үндеу порталы президент Шавкат Мирзияевқа «Өзбекстан қаһарманы» деген атақ беруді ұсынады. Бұл ұсынысты он мың адам қолдаған.

«Кітап оқымаған адам-тамырсыз қаңбақ»

Ф.Оңғарсынова

Бүгінгі күні кітапханашының негізгі міндеті әдеттегідей  оқырманды кітаппен қамтамасыз ету емес, әдеби дәстүрлер мен заманауи ақпараттық технологияларды қолдану арқылыоқырманның  жан-жақты, интеллектуалдық және рухани дамуына ықпал етуі қажет. Ол үшін кітапханашылар бүгінде жан-жақты дамып, ізденімпаздықпен жұмыс жасап, бір-бірімен іс-тәжірибе алмасуы керек және оған мүмкіндік зор.