Back

Бүгін Шымкент қаласында «Әлеуметтік бес бастама – бейбіт өркендеу мен қоғамдық келісімнің кепілі» тақырыбында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХI сессиясы өтті. 

Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылында 31  мамыр – Қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған митинг болып өтті. Оған облыс әкімі Амандық Баталов, қоғамдық ұйым өкілдері, репрессияға ұшыраған азаматтардың ұрпақтары, аудан тұрғындары қатысты.

Кәсіпкерлік сектордың дамуына әсер ететін ауқымды бағыттың бірі – мемлекеттік-жекеменшік әріптестік. Бұл мемлекеттік органдар мен жеке меншік сектордың қоғам игілігі үшін атқарылатын жұмыстарда ынтымақтастық орнату арқылы жүзеге асырылады. Бұл бағыт бүгінгі нарықтық қоғамға қалай енді, ерекшелігі мен тиімділігі қандай?

Балаларды қорғау күні қарсаңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде балалы отбасылардың әлеуметтік қамсыздандырылуы жайында баспасөз мәслихаты болып өтті. Шараға министрліктің Әлеуметтік көмек департаменті директорының орынбасары Балжан Баяхатова және Атаулы әлеуметтік көмек басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Әбдірахманова қатысты. 

Елорданы күнделікті аралау кезінде Әсет Исекешев Қабанбай батыр даңғылы – Түркістан көшесінің және 24, 26 көшелердің бойында орналасқан ботаникалық бақтың саялы аймағындағы құрылыстың барысымен танысты. Жоспар бойынша саясбақтың құрылысын аяқтап жұртышылықтың игілігіне тапсырылу мерзімі – 2018 жылдың шілдесі.

Оңтүстік Қазақстан облысының өндірісі мен өнеркәсіп саласына шетел инвесторларын тарту мақсатында және өңірде өндірілетін өнімдерді сыртқы нарыққа шығару үшін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бастаған оңтүстікқазақстандық делегация Түркия мемлекетінде жұмыс сапарымен болды.

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының мақсаты әлдеқайда кең. Жаңа оқулықтар арқылы қазақ тіліндегі оқулықтардың мазмұны мен деңгейі көтерілетіні сөзсіз.

Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының Алматы облыстық туры жеңімпаздары марапатталды. Өз балаларымен қатар қазақ, орыс, неміс ұлттарының 7 перзентін бауырына басып отырған Кәрібаевтар отбасы мен меценат, заңгер, білім саласының үздігі Рахымбековтар отбасы бірінші орын иегерлері атанды.

Ағымдағы жылдың 1 маусымынан қыркүйек айына дейін ОҚО кәсіподағының оқыту орталығында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жұмыссыз азаматтар тегін оқытылатын болады. Онда 200-ге жуық адам қамтылып, оларды тоқымашы, аспаз, жүргізуші, жиһаз құрастырушы секілді 8 мамандыққа оқыту көзделуде. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов мәлім етті.

22 мамырында Әзірбайжан Ұлттық тарих музейінде ҚР Ұлттық музейінің халықаралық «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» көрме жобасын жүзеге асыру аясындағы «Ұлы Дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» атты көрмесі өз жұмысын бастады.