Оңтүстікте отандық тауар өндірушілердің мерекелік жәрмеңкесі өтті
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай отандық тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтті. «Еңбек» жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы қатысушыларының жәрмеңкесінде ет және сүт өнімдері, жеміс-жидек, көкөністер мен қолөнер шеберлерінің бұйымдары сатылды. Мемлекеттік бағдарлама аясында өз кәсібін дөңгелеткен 60 кәсіпкер келушілерге өздерінің тауарларын төменгі бағада ұсынды.
“Время” газетінің тілшісі: “Азильхан Нуршайыков? Кто он такой?” (видео)
Алаштың рухани астанасы Семей қаласында идеологиялық тұрғыда ескірген, мағынасыз көшелердің атын тарихи дәстүрлі атаумен ауыстыруға қатысты қоғамдық кеңес өтті деп хабарлайды DalaNews.kz.
Оғыз Доған: “Көрмегенім Қазком болсын!” (видео)
Қазақ тілінің мәртебесін қорғаймын деп көпшіліктің назарына іліккен Түркия азаматы Оғыз Доған мемлекеттік тілде қызмет көрсетпеген казкоммерцбанкті сынап тастаған болатын.
Алматыда сирек ауруларды диагностикалау мен емдеудің мәселелері талқыланды
Алматыда балалар арасындағы сирек ауруларды диагностикалау мен емдеудің жаңа стандарттарын енгізуге арналған Жол картасы аясында «Балалардағы муковисцидозды диагностикалау мен емдеудің өзекті мәселелері» атты тақырыпта ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Біліктілікті жетілдіру басты бағыт
Елбасы Жолдауында педагогикалық құрамның сапасын арттыру маңыздылығын, базалық педагогикалық білім беру стандарты мен мектеп және жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктіліктерін арттыру талаптарын күшейту, цифрландыру қажеттілігін атап өткен. Жолдаудағы міндеттерді орындау барысында біліктілікті арттыру жүйесін модернизациялауға бағытталған маңызды тың жұмыстар атқарылып жатыр.
Алтынбек Сәрсенбаев: «Театрға бір рет келіп, отыз күн айтып жүретін шенеунік емеспін» (видео)
Қазір жұрттың бәрі өзін жарнамалауға жаны құмар. Күні кеше ғана Оғыз Доған мен Qazkom арасында қазақ тіліне қатысты дау туындағанда экс-депутат Тәңірберген Бердоңғаров орынсыз жерден киілігіп, дауға шоқ үрлеп, өзінің жарнамасын жасап қалды. Тіпті, ол өзінің көздегеніне қол жеткізді десек те болады.
«Мерейтойыңмен Астана». «Семей» телеарнасы байқау ұйымдастырды
«Semei» телеарнасы еңселі елорданың 20-жылдығына орай жас суретшілер арасында «Мерейтойыңмен Астана» атты байқау ұйымдастырды.
Олар Аяз бидің өсиетін ұмытты
Марқұм Заманбек Нұрқаділовтің осыдан шамасы 10 жыл бұрынғы сұхбаты әлі де ескірмепті. Әлі де өзекті екен. Өзгермепті біздің ел.
Балтабек Нұрғалиев: “Назарбаевты мақтау? Бұл биліктің тапсырысы емес” (видео)
«Уа, Нұр-Атам – Құдайым, Сізден басқа жоқ Құдай!» Бұл ақын Балтабек Нұрғалиевтің «Жұмақ-есті Жаратқан» өлеңінен үзінді.
Qazkom банкі Оғыз Доғаннан кешірім сұрады
Qazkom банкі Оғыз Доғанға қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартқан қызметкерлері үшін кешірім сұрады.
Кентау қаласында 8,3 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылады
Кентау қаласының экономикасына өткен жылы 6,5 млрд.теңге көлемінде инвестиция тартылса, биыл ол межені 8,3 млрд. теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен - 6 млрд. теңге және жеке қаржылар есебінен – 2,3 млрд. теңге болмақ. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев мәлім етті.
Түркістанға 3 айда 300 мыңға жуық турист келген
Түркістан қаласына ағымдағы жылдың 3 айында 285 021 зияратшы мен турист келген. Оның ішінде 5 мыңға жуығы шетел азаматтары. Туризм саласында І тоқсанда 1 689,3 млн. теңге табыс түсіп, қала экономикасының ұлғаюына үлесін қосып отыр. Айта кететіні, былтыр қасиетті қалаға 1 млн. турист келген болатын. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан қаласының әкімі Тәжібек Мұсаев мәлім етті.